Қызылорда облысында "Түнгі қаладағы балалар" ЖПІШ өткізіліп жатыр
Қызылорда облысы көлемінде кәмелетке толмағандар және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу және болдырмау бағытында "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасында жиі болатын бұзақылық, буллинг, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықпен күрес тақырыптарында кездесулер өтуде.
Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Е.Жаукеев "Орда" колледжінің студенттерімен кездесіп, онда жастар мен кәмелет жасқа толмағандар арасында болатын бұзақылық, буллинг, ұрлық, алаяқтық, тонау, нашақорлық, жол ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заң аясында жауапкершіліктері туралы түсіндіріп өтті.
Профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, түнгі сағат 22:00-ден кейін заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және көшеде бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау мақсатында түнгі рейдттік шаралар ұйымдастырылуда.