Қызылорда облысында тұрғындардан заңсыз ауланған 57 келі балық тәркіленді
Қызылорда облысында тұрғындардан заңсыз ауланған 57 келі балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысында өтіп жатқан «Уылдырық – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының 10 күнінде 38 құқық бұзушылық анықталды.
ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) 37 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, Арал-Балық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп өткізген рейдтік шара кезінде Арал теңізінде заңсыз балық аулаған екі аудан тұрғыны ұсталды. Олардан айғақты зат ретінде 57 келі балық алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.