Қызылорда облысында тұрғыннан тіркеуде жоқ иір ойықты винтовка тәркіленді
Қызылорда облысында тұрғыннан тіркеуде жоқ иір ойықты винтовка тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың қазаң айының 1-14 күндері аралығында “Жалданушы-2021” жедел-профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілуде.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысының полиция қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушылықтың 15 дерегі анықталды.
Шетелдік азаматтардың елімізде болу қағидаларын бұзудың 7 дерегі анықталып, оларға қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шара көрілді.
Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында облыс тұрғандары тарапынан заңсыз сақтауда тұрған 8 дана қару тәркіленді.
Оның ішінде полиция қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы тұрғынының автокөлігінен ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ иір ойықты винтовка тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс қозғалды.