Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Қызылорда облысында тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ПД Арал аудандық полициясының кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған аудан тұрғыны арызданды.
Белгісіз азамат тұрғынның сеніміне кіріп, телефонын алып, банк қосышасы арқылы несие рәсімдеген. Жәбірленушіге 500 мың теңге көлемінде залал келтірген.

Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 32 жастағы аудан тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық ) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру