Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында түзеу мекемесіне ішімдік кіргізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысында түзеу мекемесіне сусынның бөтелкесіне ішімдік құйып кіргізбек болған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн өткен сайын жазасын өтеушілерге заңсыз “сыйлық” жасағысы келетіндер көбейіп барады. Бұл жолы қолға түскен “олжа” спирттік ішімдік. Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің №1 бақылап өткізу бекетінде ҚР КҚ-нің 106-бабының 3-бөлігімен 9 жылға сотталған А. есімді азаматқа ұзақ мерзімді кездесуге жақындары алып келген сәлем-сауқатты тексеру барысында сусынның ішіне спиртті ішімдік құйып алғаны мәлім болды.

Тыйым салынған заттардың түрмеге еніп кетуін болдырмау үшін орнатылған рентген аппараты жеткіліксіз. Сол себепті, мекеменің режим бөлімінің жедел уәкілі С.Омаров әр келген сәлемдемені арнайы құралдары арқылы тексереді. Анықталған спирттік ішімдік те дәл осылай тексеру нәтижесінде белгілі болған.

– Орын алған әрекет бойынша Н. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды, – деді мекеменің жедел бөлімінің жедел уәкілі С.Омаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру