Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында тыйым салынған аймақтан балық аулаған тұрғын жауапқа тартылды

Қызылорда облысында тыйым салынған аймақтан балық аулаған тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің және облыстық «Арал – Сырдария» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлім қызметкерлерімен бірлесіп, «Уылдырық – 2024» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Рейд барысында балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 85 дерегі анықталды.

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабына сәйкес 82 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама рәсімделіп, айыппұл салынды.

Шара барысында 3 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Мәселен, 31 мамыр күні бірлескен жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы көшелерінің бірінде Ваз-2106 автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғышында 3-дана аккумулятор, 1 дана электр аппарат тоғы, үрлемелі резеңке қайығы, 40 келі әртүрлі балықтар анықталған.

Айғақты заттар алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұл бағытта профилактикалық жұмыстар жалғасын тауып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру