Қызылорда облысында «Учаске» іс-шарасы барысында 3 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысында «Учаске» іс-шарасы барысында 3 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер минитрлігінің нұсқауына сәйкес, 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында облыс көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шараның басты мақсаты – халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру, олар тарапынан жасалатын қайта қылмысты болдырмау. Профилактикалық шараға 284 учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды.
Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторларымен жалпы 37 771 пәтер мен 39 417 жеке меншік үй тексерілді. Жалға берілетін 330 пәтер тексеріліп, тіркелмеген 9 пәтер анықталып, Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.
Сонымен қатар, қалаға қарасты 17 саяжай алқабы мен 1 482 шаруа қожалығы тексерілді.
Белгілі тұрақты жері жоқ 23 азамат ұсталып, қабылдау тарату орнына жатқызылды.
Кәмелетке толмаған 209 жасөспірім ұсталып, оның ішінде 89 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылса, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 120 әкімшілік шара көрілді.
Ішкі істер органдарының есебінде тұрған 3 165 тұлға тексерумен қамтылды.
Іс-шарасы барысында барлығы 2 729 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.