Қызылорда облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда
Қызылорда облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында Қызылорда облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл шараның басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелерді анықтау.
Ауқымды профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға барлығы 771 адам тартылған, оның ішінде:
366 полиция қызметкері,
314 ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшісі,
91 қоғамдық ұйым өкілі бар.
Екі ай он күннің ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде:
160 175 үй тексерілді, оның ішінде:
40 505 пәтер,
119 670 жеке үй тексерілді;
2146 саяжай мен 2151 шаруашылық нысаны қаралды;
4095 рет профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары тексерілді.
Қару айналымын бақылау бойынша:
9142 азаматтық қару иесінің аңшы мылтығы тексерілді;
Тіркеусіз сақталған:
64 аңшы мылтығы,
1 ұңғысыз травматикалық қару,
6 газды тапанша тәркіленді;
3 шолақ мылтық анықталды.
141 азамат жауапқа тартылды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында:
1154 кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, оның 58-і бейімдеу орталығына орналастырылды;
1096 құқық бұзушылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді;
3 тіркелмеген миссионер мен 1 заңсыз діни бірлестік анықталып, тиісті органдарға хат жолданды;
1225 азамат ішкі істер органдарына жеткізіліп, олардың саусақ іздері алынды.
Іс-шара жалғасуда. Оның негізгі мақсаты – өңір тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
