Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында “Учаске” ЖПІШ аясында пробация есебіндегі тұлғалар тексерілуде

Қызылорда облысында “Учаске” жедел профилактикалық шарасы аясында пробация есебіндегі тұлғалар тексерілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында республика көлемінде дәстүрлі “Учаске” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның басты мақсаты – аумақтық полиция инспекторларының халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуы, құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және пробация есебіндегі тұлғаларды бақылауды күшейту.

Аталған шара аясында Қызылорда қалалық және аудандық пробация қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайларын тексеріп, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Біз күнделікті есептегі тұлғаларды учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге тексеріп, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Бұл – құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі тетігі, - деді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Гүлнұр Байсариева.

Шараның алғашқы аптасында 11 есептегі тұлғаға ескерту жасалып, 5 сотталғанның құжаттары бас бостандығынан айыру үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар 1 сотталғанға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Бұл көрсеткіштер профилактикалық жұмыстың құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтап, заң аясында тиісті шара қолдануға мүмкіндік беріп отырғанын айғақтайды.

Қорытындылай келе, “Учаске” іс-шарасы құқық қорғау органдары мен халық арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, пробация есебіндегі тұлғалардың қайта қылмысқа бармауына жол бермеу үшін нақты қадамдар жасалып жатқанын дәлелдейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру