Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында учаскелік инспекторлар 16 мыңнан астам үйді аралады

Қызылорда облысында учаскелік инспекторлар 16 мыңнан астам үйді аралады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Профилактика жылы: полиция – заң мен тәртіп күзетінде" қағидатын іске асыру аясында Қызылорда облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Акция барысында учаскелік полиция инспекторлары 16 мыңнан астам үйді аралап, 205 саяжай нысаны мен 285 шаруа қожалығын тексерді.

Сонымен қатар есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына барып, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Олардың қатарында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған – 155, әкімшілік қадағалаудағы – 41, ерекше талап қойылған – 56, қорғау нұсқамасы берілген – 117, әкімшілік қадағалауға формалды түрде жататын – 206, пробация есебіндегі – 375 және қолайсыз отбасынан шыққан – 23 адам бар. Барлығымен қайта қылмысқа жол бермеу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, учаскелік инспекторлар ішкі істер органдарында тіркелген мыңнан астам азаматтық қару иесін тексерді. Нәтижесінде тіркеуде жоқ бір аңшы қаруы тәркіленіп, сақтау ережесін бұзған екі қару иесіне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ қоғамдық оқшаулаумен байланысты емес жаза өтеу тәртібін бұзудың төрт дерегі анықталды.

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы 1 қарашаға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру