Қызылорда облысында үздік полицейлер республикалық слетке жолдама алды
Қызылорда облысында үздік полицейлер республикалық слетке жолдама алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ел тыныштығын сақтауда учаскелік полиция инспекторларының қызметі мен міндеті қай уақытта болмасын жауапты. Бекітілген қызмет көрсететін аймақтарында қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайтын учаскелік полиция инспекторларының жұмысы жан–жақтылықты талап етеді. Себебі, халықтың полицияға деген сенімі учаскелік полиция инспекторларынан бастау алады. Әрбір әкімшілік аймақ тұрғыны өзінің учаскелік полиция инспекторын білуге, оларға сенім артуға құқылы.
Бұл ретте бүгін Қызылорда қаласы мен барлық аудандық полиция бөлімдерінде учаскелік полицейлердің арасында өткізілген сайыс жеңімпаздарының арасынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде өткізілетін республикалық слетке баратын қызметкерлерге іріктеу жұмыстары жүргізілді. Іріктеу Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров Оралбектің төрағалығымен және комиссия мүшелерінің қатысуымен өтті. “Мамандығы бойынша үздік” конкурсы өткізіліп, жалпы қала, ауданнан үздік деп танылған 14 қызметкер сайысқа түсті.
“Қалалық және ауылдық учаскелік полиция инспекторы”, “Қалалық және ауылдық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі үздік учаскелік полиция инспекторы” номинациясы бойынша үздік деп танылады. Білімі мен біліктілігі, физикалық дайындығы бойынша ең жоғары көрсеткіш көрсеткен қызметкерлерді конкурстық комиссия мүшелері анықтады.
“Қаладағы үздік учаскелік инспекторы” номинациясы бойынша Қызылорда қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Азамат Қасымбай жеңіп алды.
“Қаладағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі үздік учаскелік полиция инспекторы” номинациясын Қызылорда қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Данияр Рысбеков жеңіп алды. Сонымен бірге “Ауылдық жердегі үздік учаскелік инспекторы” номинациясы бойынша Арал ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Дінібаев жеңіске жетті.
“Ауылдық жердегі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі үздік учаскелік полиция инспекторы” болып Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Айдос Жамбылұлы танылды. Жеңімпаздар Қызылорда облысы полиция департаменті атынан республикалық слетке жолдама алды.