Қызылорда облысында заң бұзған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды
Қызылорда облысында заң бұзған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған М есімді азамат сот үкімімен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Оған жаза өтеу талаптары түсіндіріліп, пробациялық бақылау белгіленген. Алайда сотталған азамат жазадан жалтарып, "ізін суытқан".
Байқоңыр қалалық пробация қызметі бастапқы іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесіз аяқталуына байланысты оны іздеуге жариялады. Кейін ол Тараз қаласында жасырынып жүрген жерінен ұсталды.
Осыған байланысты пробация қызметі оның бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолдады. Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының шешімімен бұл ұсыным қанағаттандырылып, жазасын өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді. Қаулы заңды күшіне енді.