Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 35 қару тәркіленді
Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 35 қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес 4 ақпаннан бастап республика көлемінде ерекше өкімге дейін «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шара барысында 5 517 қару иесі тексеріліп, 130 құқық бұзушылық анықталды. ҚР-нің 482-бабымен (Қаруды заңсыз сақтау, алып жүру, тасымалдау) заңсыз айналымнан 35 қару тәркіленген.
Осы кодекстің 484-бабымен (Қаруды сақтау ережесін бұзу) – 40, 486-бабымен (Қаруды тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзу) 55 азаматқа әкімшілік шаралар көрілді.