Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан үш азамат ұсталды

Қызылорда облысының Арал ауданында заңсыз аңшылықпен айналысқан үш азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қарашада Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында кіші Арал теңізінің аймағында «Нива» маркалы автокөлігін тоқтатып, машинадан 56 келіге жуық сазан, 37 құс (33 қасқалдақ, қаз, үйрек), 3 аңшы мылтығы мен 140 дана оқ тауып тәркіледі.

Оқиға орнында үш күдікті азамат ұсталды. Үшеуі де еш жерде жұмыс істемейтін, Арал ауданының тұрғындары болып табылады. Тексеру барысында бір аңшы мылтығының ішкі істер органдарында тіркелмегені анықталды. Сараптамалар тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру