Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында «Заңсыз келуші – 2023» іс-шарасы барысында 128 құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда облысында «Заңсыз келуші – 2023» іс-шарасы барысында 128 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында 19-25 маусым аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші – 2023″ іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның 2 күнінде 128 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде шетел азаматтарымен жасалған 82 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе оның төртеуі республика аумағынан шығарылды.

Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 46 азаматына қатысты әкімшілік шара көрілді. 

– Құрметті облыс тұрғындары жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал. Егер заң талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеміз, – дейді Қызылорда облыстық ПД.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру