Қызылорда облысында "Заңсыз келуші" іс-шарасы барысында 148 құқық бұзушылық анықталды
Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында 3-7 ақпан аралығында облыс аумағында "Заңсыз келуші" іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның бес күнінде жалпы 148 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, шетел азаматтарымен жасалған 105 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. 40 шетелдік республика аумағынан аластатылды.
Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 43 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді.
- Құрметті облыс тұрғындары! Жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал. Егер заң талаптарын орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеміз, - дейді полиция қызметкерлері.