Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жасөспірім» ЖПІШ: Қызылорда облысында 216 құқық бұзушы анықталды

Қызылорда облысында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасының үш күнінде 216 құқық бұзушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында өткізілген «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы барысында ішкі істер органдары 216 құқық бұзушыны анықтады. Іс-шараның басты мақсаты – алкогольдік ішімдік ішетін, заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасаған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларды қоғамға қарсы әрекеттерге тартатын тұлғаларды анықтау болды. Сонымен қатар жастардың шоғырланатын орындары (аулалар, жертөлелер және т.б.) тексерілді.

Іс-шара барысында үш күн ішінде 216 құқық бұзушының ішінде 154 жасөспірім анықталып, олар заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық кешендерінде немесе тұрғын үйден тыс жерде жүрген. Бұл жағдай бойынша олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, қадағалаусыз жүрген екі бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеттерін орындамаған 21 дерек тіркелді. Түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 9 кәсіпкер (ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы) және 21 жасқа толмағандарға темекі бұйымдарын сатқаны үшін 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК-нің 423-1 бабы).

Іс-шара аясында кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру