Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жастар күніне орай полиция қауіпсіздікті күшейтті

Қызылорда облысында жастар күніне орай полиция қауіпсіздікті күшейтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Қызылорда облысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды.
Іс-шара барысында қоғамдық тыныштықты қадағалау үшін патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, жедел қимылдайтын арнайы жасақ (ЖҚАЖ) және Ұлттық ұлан сарбаздары бірлесе қызмет атқарады. Қауіпсіздік шаралары кешенді түрде ұйымдастырылып, құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысы қамтамасыз етілді.

Полицейлер концерттік іс-шара кезінде кезекшілік жүргізіп, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін барынша күш салады. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларына жол бермеу, жолаушылар легін тиімді реттеу бағытында да тиісті шаралар қарастырды.

— Жастар күні – көпшіліктің қатысуымен өтетін мерекелік шара. Сондықтан азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз, — дейді полицейлер.

Бір ғана кештің ішінде 30-дан астам бала жоғалу дерегі тіркелді. Олардың барлығы дер кезінде табылып, ата-аналарына аман-есен тапсырылды.

Полиция ата-аналарды халық көп жиналатын орындарда балаларына мұқият болуға және қараусыз қалдырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру