Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жеке күзет ұйымдарының қызметкерлеріне дәріс өткізілді

Қызылорда облысында жеке күзет ұйымдарының қызметкерлеріне дәріс өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері терроризмнің алдын алу бағытында облыс көлемінде террористік тұрғыдан осал обьектілерді және басқа да жеке күзет ұйымдарымен күзетке алынған нысандар мен олардың персоналдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке күзет ұйымының жедел ұтқыр тобының күзетшілері және обьектіде күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында “Сирена Кz” ЖШС-нің басшысы әрі құқық қорғау саласының зейнеткерлері Е.Шакиев, Б.Молдаш, Қызылорда облысы “Динамо” дене шынықтыру спорт қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалының мамандандырылған оқу орталығы мамандары, департаменттің Оқу жаттығу взводы және Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерге төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ҰҚК-мен әзірлеген “Терроризм акітісін жасау қауіп-қатері не болмаса жасалған кезде күзет қызметі субъектілерінің алғашқы ден қою” алгоритмі, күзет ұйымдарының міндеттері мен іс-әрекеттері, қызмет атқару барысында обьект қауіпсіздігінің алдын алуға арналған заманауи техникалар мен арнайы құралдарды пайдалану нұсқаулықтары түсіндірілді.

Сонымен бірге облыс көлемінде қызмет көрсететін жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін шыңдаумен қатар, теориялық, практикалық дәрістер өткізіліп, қызмет атқару барысында заңдылықты сақтау, терроризм мен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, күзетілетін нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша нұсқаулықтар беріліп, арнайы даярланған бейнероликтер көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру