Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жыл басынан бейнекамералардың көмегімен 109 қылмыс ашылды

Қызылорда облысында жыл басынан бейнекамералардың көмегімен 109 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнекамералар көлік қозғалысының жүрісін жедел бақылап, қауіпті жағдайлардың алдын алуға және құқық бұзушылықтың «ізін суытпай» анықтауға ықпал етеді.

– Бейнекамералардың полиция жұмысының тиімділігінің артуына және қылмыстың жедел ашылуына тиер көмегі зор. Мәселен, жыл басынан Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен 109 қылмыс ашылды, – дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

Жыл басынан Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының «102» арнасына 40 мыңға жуық қоңырау келіп түсті, олардың барлығына тиісті қызмет көрсетілді.
Бейнебақылаушылар азаматтардан түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында аймақтағы ахуалды қадағалап, құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және алдын алу бағытында қызмет атқарады.

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 21 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 17 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру