Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысындағы Бестам ауылында учаскелік полиция пункті ашылды

Қызылорда облысындағы Бестам ауылында учаскелік полиция пункті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған тағы бір маңызды қадам жасалды. Аудан халқының сұрауымен Бестам ауылында учаскелік полиция пункті пайдалануға берілді.

Халқы 86 мыңнан асатын Шиелі ауданы үшін бұл нысан қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және тұрғындарға полиция қызметінің қолжетімділігін арттыру жолындағы игі бастама. Жаңа пункт ауыл тұрғындарының тыныштығын сақтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Бестам ауылындағы учаскелік полиция пунктінің жалпы аумағы 35 шаршы метрді құрайды. Ғимарат қажетті жиһаздармен жабдықталып, учаскелік полиция инспекторының тұрақты жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған.

Аталған учаскеге жауапты учаскелік полиция инспекторы Шиелі аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ақәділ Секеров тағайындалды. Ол ауыл тұрғындарымен тығыз байланыс орнатып, қоғамдық тәртіпті сақтау, алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізетін болады.

Жаңа полиция пунктінің ашылуы жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық мәдениетті арттыруға және халық пен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру