Қызылорда облысындағы көшеге тыл ардагерінің есімі берілді
Қызылорда облысындағы көшеге тыл ардагерінің есімі берілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордада ішкі істер органдарының ардагері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, милиция полковнигі КСРО ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Елеусін Қайназаровтың құрметіне көше атауы берілді.
Аталған іс-шараға Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров қатысып, Елеусін Қайназаровтың ел үшін атқарған еңбегі мен өнегелі өмір жолына тоқталды.
Елеусін Қайназаров (1922–2004) – Отан алдындағы борышын адал атқарған, ішкі істер саласына ұзақ жылдар бойы еңбек сіңірген тұлға. Ол ІІ дәрежелі "Отан соғысы" орденімен, “Жауынгерлік еңбегі үшін", “Ерлігі үшін", “Еңбек ардагері", “Маршал Жуков" медальдарымен, сондай-ақ “Қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы үздік қызметі үшін" төсбелгілерімен,
барлығы 26 мемлекеттік наградамен марапатталған.
Көше атауының берілуі – ұрпаққа үлгі боларлық ерлік пен еңбектің еленгені, ардагерлерге деген құрметтің белгісі.