Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысындағы ҚАЖД мекемесінде арт-терапия әдісімен тренинг өтті

Қызылорда облысындағы №37 мекемеде арт-терапия әдісімен тренинг өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде психолог маман Ақгүл Аманованың ұйымдастыруымен сотталғандар арасында арт-терапия әдісі қолданылған тренинг өткізілді.

Іс-шара "Суицидтің алдын алу" тақырыбында өтті. Тренинг барысында проекциялық әдістемелер мен психокоррекциялық тәсілдер қолданылып, қатысушылардың психологиялық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Негізгі мақсат — арт-терапия элементтері арқылы сотталғандардың ішкі сезімдері мен эмоцияларын түрлі түстермен қағаз бетіне түсіру арқылы олардың көңіл күйін жақсарту және жан дүниесін жеңілдету.

ҚАЖД психологтары сотталғандарға жүйелі түрде психологиялық көмек көрсетіп келеді. Бұл жұмыстар олардың күйзелістен арылуына, өзін-өзі бағалау қабілетін арттыруына және вербальды емес қарым-қатынас дағдыларын дамытуына ықпал етеді.

Тренингке қатысқан сотталған азаматша өз әсерімен бөлісіп:

- Бүгінгі шара менің көңіл күйіме жақсы әсер етті. Сурет салу арқылы ішкі ойымды, сезімімді сыртқа шығарып, жеңілдеп қалдым. Мұндай тренингтер бізге үміт сыйлап, өмірге деген көзқарасымызды өзгертеді. Психолог мамандарға үлкен алғыс айтамын, осындай қолдау әр адамға қажет деп ойлаймын", — деді.

Арт-терапия әдісі сотталғандардың психологиялық әл-ауқатын жақсартуға, олардың қоғамға оң көзқараспен бейімделуіне бағытталған тиімді құрал болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру