Қызылорда облысындағы түзеу мекемесінде қайта екпе салу жұмыстары жүргізілуде
Қызылорда облысындағы түзеу мекемесінде қайта екпе салу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңірдегі ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрамның 20-дан астам қызметкері екпенің үшінші компонентін салдыртып жатыр.
Вакцина егу алдында қызметкерлер дәрігердің қабылдауында болып, екпенің артықшылықтары мен әсері туралы түсіндірме жүргізілді. Сонымен қатар, барлығы алдын ала медициналық тексеруден өтуде.
Мекеменің бақылаушылар қызметі бөлімінің қызметкері Жандос Абдикайыров бұған дейін екпенің бірінші және екінші компонентін алған. Ол жергілікті тіркелген мекен-жайы бойынша емханаға барып, екпенің үшінші компонентін де салғызды.
– Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында салынатын вакцинаны алу әрбір адамның міндеті деп есептеймін. Өйткені екпе алу арқылы өзіңді де, өзгелерді де қорғайсың. Ешқандай жанама әсерлер бойымда байқалған жоқ, – деді Ж.Абдыкайров.