Қызылорда облысының 3 тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі табылды
2021 жылдың 18 шілде күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында Жаңақорған ауданы Байкенже ауылынан 70 шақырымдай жерде 1 968 түп сора өсімдігін егілгендігі анықталды.
Сонымен қатар оқиға орнынан бұдан бөлек тағы тоғыз килограммнан аса марихуана затына ұқсас шөп тәріздес зат алынып, қазіргі таңда сот сараптамасы тағайындалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.