Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының әкімі полиция қызметкерлерін марапаттады

Қызылордада полицейлер жүктелген міндеттерді асқан жауапкершілікпен, үлкен абыроймен атқарып, аймақтың қарқынды дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ердаулет Жаукеев, әкімшілік полиция басқармасының бастығы Айбек Құлмағанбетов, күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нағашыбай Жалғасбаев, жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция рота командирі Дархан Алмат және Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны командирі Ғабит Оспанов облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Ермахан Абдраманов қызметкерлерді марапатымен құттықтап, алдағы уақытта да қызметтік, азаматтық борышын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді.

– Бұл марапат – үлкен қажырлы еңбектің нәтижесі мен бағасы, халық игілігі үшін баға жетпес үлесі, белсенді азаматтық ұстаным мен кәсібиліктің көрінісі. Тәртіпті сақтау мен оны бақылау – үлкен ерік-жігер мен қажыр-қайратты талап ететін жауапты міндет. Ел тыныштығын сақтап, міндеттің мінберінде абыройлы қызмет атқарып келе жатқан қызметкерлерімізге алғысымды білдіремін. Отбасыларыңызға ырыс-несібе, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге абырой, толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілеймін, – деді облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру