Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының әкімі түзеу мекемесінің өндірістік аймағымен танысты

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс прокуроры Ризабек Ожаровпен бірге ҚАЖ департаментінің №60 мекемесіне барып, оның жұмыс барысымен танысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекемеде 901 сотталушы жазасын өтеп жатыр, олардың 821-і еңбекке қабілетті. Өндірістік аймақта 17 серіктестік пен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 300-ге жуық сотталушы жұмыс істейді. Негізгі бағыттары – темір және ағаш бұйымдарын (астау, табақ, домбыра, сандық, есік) дайындау, газоблок, пескоблок, брусчатка және күйдірілген кірпіш өндіру.

"Еңбек" РМК қаржысына "Конструктив ЛТД" ЖШС ғимарат құрылысын бастады. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашу үшін мекеме аумағында тез тұрғызылатын модульдік ангар салу мәселесі қарастырылды.

ҚАЖ департаменті мен облыс прокуратурасының қолдауымен "Ален" ЖК-не қайтарымды несие рәсімделіп, оған брусчатка өндіретін қондырғы орнатылды. Бұл арқылы 15 сотталушы еңбекке тартылды. Ал "Dalatex" ЖШС-не өндірістік аймақтан ғимарат беріліп, 20 тігін машинасы орнатылды. Мұнда 20 сотталушы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Сонымен бірге облыс әкімі сотталушылар жасаған ағаш бұйымдарының көрмесін аралап, мекемеде қолға алынған құс шаруашылығымен танысты. Мұнда түйеқұс, күркетауық және өзге де құстар өсірілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру