Қызылорда облысының бас полицейі стационарлық модульдік бекеттерді тексеруде
Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаруда, – деп хабарлайды Polisia.kz
21 тамызда жексенбі күні ПД бастығы Мұхтар Қожабаев Өсербаев көшесіндегі стационарлық модульдік бекеті мен учаскелік полиция пунктіне барып, жұмысымен танысты.
Өсербаев көшесі бірнеше жылдан бері қала тұрғындарының наразылығына ұшыраған аймақ. Департамент бастығы және қалалық Полиция басқармасының бастығы бұл түйінді мәселені қолға алып, қазіргі таңда тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында көше бойына «Стационарлық полиция бекеті» орнатылды. Бекет тәулік бойы қала тұрғындарының тыныштығын күзетуде.
Стационарлық бекетте үш ауысыммен екі қызметкерден кезекшілікке түсіп, тәртіпті қадағалайды. Стационарлық бекет заманауи техникамен жабдықталған, полиция қызметкерлері радиостанциялармен және планшеттермен қамтамасыз етілген. Бұл квадратта бүгінгі танда 4 камера жұмыс атқаруда, алдағы уақытта қосымша 74 камера іске қосылады.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған 24 жол белгілері мен жаяу жүргіншілерге арналған жол таңбалары жанартылды. Өсербаев көшесі Қорқыт ата – Айтеке би көшесіне қарай қозғалысы бір бағытқа ауыстырылды. Бүгінде полиция қызметкерлері жол қозғалысын реттеуге түсіндерме жұмыстарын ұйымдастыруда. Сонымен қатар, осы аймақта қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 24 сағат бойы 6 учаскелік және 2 ювеналды полиция қызметкерлері жұмыс атқаруда.
– Учаскелік полиция пунктіне, стационарлық бекетке келетін азаматтармен әңгіме жүргізу, олардың арыз-шағымдарына тыңғылықты жауап беру – учаскелік полиция инспекторларға жүктелген басты міндеттердің бірі. Сондықтан осы әкімшілік аумаққа бекітілген қызметкерлер жұмыстарын адал, аса жауапкершілікпен атқарулары тиіс, – деп тапсырды департамент бастығы Мұхтар Қожабаев.