Қызылорда облысының бас полицейі Сырдария ауданында кеңейтілген жиын өткізді
Қызылорда облысының бас полицейі Сырдария ауданында кеңейтілген жиын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барып, кеңейтілген жиын өткізді. Жиынға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бастаған атқарушы билік өкілдері, депутаттар, ардагерлер және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиында ішкі істер органдарының алдына қойылған мақсат-міндеттер кеңінен талқыланып, ауданның полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраевтың есебі тыңдалды.
Жалпы, ауданның полиция бөлімінде 77 штаттық бірлік енгізілген. Оның жетпісі орта және аға басшы құрам, жетеуі қатардағы және кіші басшы құрам. Аудан бойынша барлығы 15 учаскелік полиция пункті бар. Сырдария АПб-ның теңгеріміндегі тірек пунктінің саны үшті құрайды. 2022 жылдың 8 айында жалпы тіркелген қылмыстардың саны – 77, өткен жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға төмендеген.
Іссапар барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев бастаған қызметкерлер тобы қызмет бабында қайтыс болған, еліміздің каhарманы, II-ші дәрежелі «Айбын» орденінің иегері полиция лейтенанты Талғаттың Қозыбаев шаңырағына барды. Сақшылар Талғатты тәрбиелеген Есентай ағаға жылы лебіздерін, шексіз алғыстарын білдірді. Содан кейін Мұхтар Қожабаев Сырдария ауданындағы Талғат Қозыбаев атындағы №131 қазақ орта мектебіне барып, марқұмның ескерткішіне гүл шоғын қойып, мектеп ішіндегі мұражаймен танысты.