Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының ПД бастығы ауыл тұрғынын ажалдан құтқарған полицейге алғысын білдірді

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы ауыл тұрғынын құтқарған полицейге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимовтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Апта сайын өтетін кеңесте өңіріміздегі қылмыстық ахуал, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Аппараттық кеңес бейнеселекторлық режимде өтті.

Облыстың бас полицейі бүгінгі аппараттық кеңеті жақсы жаңалықпен бастады. Күні кеше Сыр елінің тәртіп сақшысы Жалағаш ауданының тұрғынын, болашағынан зор үміт күттіретін 4 курс студентін ажалдан аман алып қалды. Антына адал, өз қызметін қалтқысыз орындаған полицейге азаматтар дән риза. Департаменттің бастығы көзсіз ерлік жасаған полицейге шын жүректен алғысын білдірді.

– Қызылорда облысы ПД-ның Жалағаш ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ержан Абдрамановтың ерлігі еліміздегі барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне үлгі. Кейінгі буын өкілдеріне тәлім-тәрбиенің көрінісі. Жасыратыны жоқ, жалағаштық полицей Ержанның епті ісі бүкіл елді елең еткізді. Бейбіт күнде ел азаматын ажал құшпасын деп өз өмірін бәйгеге тікті. Бүгінгі Үкімет отырысында да ішкі істер министрі Ержан Абдрамановтың ерлігін ерекше атап өтті. Бейбіт күннің батыры биік құрметке лайық. Біз осы азаматқа, оны тәрбиелеп өсірген ата-анасына алғыс айтамыз. Ержанның еңбегін елеп, басқаларға үлгі ету жақсылыққа жол ашады. Бұл азамат қандай да болсын құрметке лайық әрі қоғамға қызмет етудің, жанқиярлық пен батылдықтың үлгісін көрсеткен жан. Сондықтан алдағы уақытта біздің әріптесіміз барлық тиісті марапаттарға ұсынылады, – деді Махсудхан Аблазимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру