Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейі үздік кинолог атанды

Қызылорда облысының полицейі үздік кинолог атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Саналы ұрпақ – болашақ кепілі» тақырыбында форум өтті. Алқалы отырысқа Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Бас прокуратура өкілі Жасұлан Даулембаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, құқық қорғау органдарының, жауапты салалардың басшылары қатысты.

Іс-шара барысында «Нашақорлыққа жол жоқ» бір айлық акциясының нәтижесі бойынша белсенді қатысушылар марапатталды. Қызылорда облысы полиция департаментінің кинология қызмет орталығының инспекторы үздік кинолог атанды.

Айта кетерлігі, тәртіп сақшысының серігіне айналған Елай қызметтік итінің көмегімен өткен жылы 72 қылмыс ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру