Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейлері адам саудасының алдын алу бойынша ақпараттық науқан өткізді

Қызылорда облысының полиция департаменті «Адам саудасын бірге тоқтатайық!» республикалық ақпараттық науқанын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адам саудасы бүгінде жаһандық проблемалардың біріне айналды. Қылмыскерлердің негізгі мақсаттары – сексуалдық және еңбекпен қанау, заңсыз жолмен асырап алу, трансплантация жасау үшін адам мүшелерін алу.

30 шілде – Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күні Қызылорда облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үкіметтік ұйымдармен бірлесіп, 29-30 шілде күндері «Адам саудасын бірге тоқтатайық» республикалық ақпараттық науқанын өткізді. Адам аяғы көп жүретін орындарда жадынамалар таратып, қаскөйлерден қорғану бойынша кеңестерін айтты.

– Өз құжаттарыңызды ешкімге бермеген жөн. Жұмыс, оқу немесе шетелдегі неке туралы күмәнді ұсыныстардан аулақ болу қажет. Мұны әр адам, әсіресе, жастар естерінен шығармауы тиіс, — дейді Қызылорда облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Талғат Шонаев.

Қабылдаушы тарапқа қатысты барлық ақпаратты, шекарадан шығу үшін қол қойғалы жатқан құжаттарды тексеріп алу керек. Сондай-ақ барғалы отырған мемлекеттегі Қазақстан елшілігінің дипломатиялық өкілдігінің байланыс мәліметтерін нақтылап алған жөн.

Адам саудасына қатысты барлық фактілер туралы «102» нөміріне немесе «116-16» республикалық сенім телефонына хабарлаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру