Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейлері ІІО ардагерінің үйіне барды

Қызылорда облысының полицейлері мерекеге орай, ІІО ардагерінің үйіне барып, ауласында тазалық жұмыстарын жүргізіп қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық Пб-нің жеке құрамы мен бастауыш ардагерлер ұйымы Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында бірнеше игі істер атқарды. Аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Мәулен Өсер, штаб қызметінің аға инспекторы Құралай Мақсұтқызы, тәрбие және кадр жұмысы тобының инспекторы Салтанат Калменова және ардагерлер ұйымының төрағасы мен  Болатбек Нұржанов, Қаракеткен ауылында тұратын 83 жастағы ІІО ардагері  Нұғыман Аманов ақсақалдың жағдайын білуге барды.

Ақсақал ардагер облыс орталығындағы емханада емделіп жатыр екен. Қызметкерлер ақсақалдың үйіне соғып, шаруашылық бойынша қажетті көмектерін көрсетті. Атап айтқанда, ауласындағы ескі сарай мен кіреберісті бұзып, қоқыс қалдықтарын аулаққа шығарып тастады. Сондай-ақ ауласын қоқыстан тазартып, үй сыртын ақтап берген жалағаштық тәртіп сақшыларына ардагердің келіні мен немерелері қуанып, алғыстарын жаудырды. 

Кәсіби мереке қарсаңында Жалағаш ауданының полицейлері қызмет бабында жүріп қайтыс болған Кеңесбек Әбішов пен жуырда ғана Астана қаласында жүрегіне ашық ота жасатып келген ардагеріміз  Бейбітбек Шахановтың отбасыларына да барып,  сый-сияпат жасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру