Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейлері садақ атудан сайысқа қатысты

Қызылорда облысының полицейлері садақ атудан сайысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен Спорт күніне орай Сырдария ауданының мекемелері мен тұрғындары арасында садақ атудан жарыс ұйымдастырылды.

Бұл сайсқа Қызылорда облысы полиция департаменті Сырдария ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері белсенді түрде қатысып, нәтижелі орындарға ие болды. Аталған жарысқа мекемелер арасынан барлығы 25-ке жуық қызметкер қатысып, Сырдария ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Сейлхан Кеукенов 2-орынды жеңіп алды. Ал полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Асхат Төлеуов 3-орынды иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру