Қызылорда облысының полицейлері жүк көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті
Қызылорда облысының полицейлері жүк көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
КамАЗ жүк көлігі Түркістан облысынан Жаңақорған ауданына қарай бағыт алған екен. Бірақ сағат 21:10 уақыт шамасында Ақүйік ауылдық округінің тұсында жүк көлігі істен шыққан. Салдарынан көлік кептелісі басталған.
Осы уақытта халықаралық трассаның Жаңақорған – Түркістан бағыты бойынша жол қозғалысына жауапты жол патрульдік полиция қызметкерлері Ерсұлтан Сейтханов пен Ғани Ургенишбаев жол кептелісінің себебін дереу анықтап, істен шыққан жүк көлігіне дер кезінде көмектесіп, республикалық QazAvtoJol мекемесіне қоңырау шалып, нәтижесінде керекті техникалармен жұмылдырып, бұзылған жүк көлікті жолдың шетіне шығарып, көлік кептелісінің ұзақ болмауына жағдай жасады.
Автокөлік жүргізушісі дер кезінде оң шешім қабылдаған патрульдік полиция қызметкерлеріне уақытылы көмек көрсеткені үшін үлкен алғысын білдірді.