Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының Полиция департаментіне азаматтардан 24 мыңнан астам қоңырау келіп түсті

Биылғы жылдың жеті айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел басқару орталығының «102» арнасына 24 мыңнан астам қоңырау келіп түсті және полиция құзыретіне жататын 23 мың хабарламаға қызмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері бейнебақылау камерасының көмегімен 67 қылмыс  ашылды.

Бейнебақылаушылар азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында барлық күдікті әрекеттерді, адамдардың мінез-құлқын және бейнебақылау камерасына түскен күмәнді адамдарды жедел тексереді.

Мысалы, 2020 жылдың 17 ақпанында Қызылорда қалалық ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы сағат 03:30-да кафенің жанында белгісіз біреу қызды ұрып-соғып, оқиға орнынан қашып кеткенін байқаған. Санаулы секундта Желтоқсан көшесіндегі камераларды шолу барысында, кафелердің біріне қарама-қарсы үш адам бір-бірімен төбелесіп жатқанын байқап, дереу кезекші инспектор патрульдік полиция нарядын оқиға орнына жіберіп, күдікті ұсталды. Кейін қызды ұрып-соққан бұзақының Қазалы ауданының 26 жастағы тұрғыны екені анықталды.

8 тамызда «Құқықтық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында бейнекамера бойынша бақылау инспекторы түнгі сағат 3-те облыс орталығында күдікті жас жігітті байқайды. Тексеру үшін полиция наряды жіберілді. Келген патрульдік полицейлерді көріп, ешқандай түсіндірмесіз қаша жөнелген.Ол ұсталғаннан кейін оның сөмкесінде травматикалық тапанша болғандығы анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 10 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде сегіз мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру