Қызылорда облысының тұрғындары көші-қон полицейлеріне алғыс айтты
Қызылорда облысының тұрғындары көші-қон полицейлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы азаматтығын алуға ниет білдірген жандарға үнемі көмек көрсетіп отырады. Мысалы, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына көшіп келіп, қандас мәртебесін алған Ерболат Абдыкайыров мен Мухайё Ходжакелдиева өз елдерінен тіркеуден шығып, Қазақстандағы Жаңақорған ауданына келіп қоныстанады. Содан ҚР азаматтығын алуға құжаттарын тапсырады.
Қазақстандық болғысы келетін қос қандас құжаттарын Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Нұрбол Рустемов қабылдап алып, заңда көзделген мерзім ішінде жұмыс атқарды, яғни Қызылорда облысы ПД көші-қон қызмет басқармасының полицейлері «ҚР азаматтығы туралы» Заңының 16-1 бабына сәйкес құжатын жасап берді.
ҚР азаматтығын алған тұрғындардың куанышында шек болмады. Полиция қызметкері Нұрбол Рүстемовке және басшылыққа алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.