Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының тұрғыны зейнеткердің көлігін ұрлап кетті

Қызылорда облысының тұрғыны зейнеткердің көлігін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17-18 наурыз аралығында таңғы уақыт шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының 102 арнасына 71 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, көпқабатты үйдің ауласында тұрған Сhevrolet Nexia көлігінің ұрланғаны жайлы хабарлаған. Келтірілген материалдық шығын 3,8 миллион теңгені құрайды.

Дер кезінде барлық криминалды полиция бөлімінің қызметкерлеріне ұрланған автокөлік бойынша бағыт-бағдар берілді. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерінің кәсібилігі мен іс-әрекеттерінің арқасында қала аумағында орналасқан мектептің жанынан мемлекеттік белгісі жоқ күдікті көлік тоқтатылған.

Тексеру барысында Сhevrolet Nexia ұрланған көлік екені анықталды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті 27 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта тәртіп бұзушыға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру