Қызылорда облысының тұрғынынан тіркеуде жоқ аңшы мылтығы тәркіленді
Қызылорда облысының тұрғынынан тіркеуде жоқ аңшы мылтығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 10 сәуір күні сағат 10:45 шамасында Жансейіт ауылының шетінде күдік тудырған 41 жастағы тұрғынды тоқтатқан.
Тексеру барысында ол өзімен бірге ІІО-да тіркеуде жоқ, қос ұнғылы, 16-калибрлі аңшы мылтығын алып жүргені анықталды.
Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.