Қызылорда полицейлері автошеру ұйымдастырды
Қызылорда полицейлері автошеру ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі автошеру «Пәтер ұрлығының алдын алу мен бөтен мүліктің қауіпсіздігін сақтауда күзет қызметін пайдалану қылмысты болдырмаудың бірден-бір амалы» тақырыбында ұйымдастырылды.
Жеке үйлер мен пәтерлердің және нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған автошеру тиісті деңгейде өтті. Іс-шараның барысында Тасбөгет кентінде орналасқан көпқабатты үйлердің тұрғындары мен сол аумақта орналасқан нысан иелеріне жеке күзет ұйымдарының тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Сонымен қатар халықтың күзет-дабыл қондырғыларын орнату жөнінде түсіндірме жұмыстары бойынша А.Иманов көшесі, Ш.Есенов, М.Шоқай, Жібек жолы көшелерінде орналасқан көпқабатты үйлердің ауласы аралығында автошеру өткізілді.
Бүгінгі өткізілген іс-шара арқылы қызылордалық полицейлер тұрғындарды пәтер ұрлықтарының алдын алу мен жеке мүліктің қауіпсіздігін сақтаудың шарттарын үнемі сақтап жүруін ескертті.