Қызылорда полицейлері мас күйде көлік басқарған 10 жүргізушіні ұстады
Қызылорда полицейлері мас күйде көлік басқарған 10 жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы ПБ патрульдік полиция батальон инспекторлары жол қауіпсіздігін алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында қаңтар айының 23-29 күндері аралығында рейд барысында 1763 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Оның ішінде 10 жүргізуші мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ұсталды.
Мас күйінде көлік жүргізу деректері бойынша полицейлер әкімшілік хаттама толтырып, тиісті шешім қабылдау үшін құжаттарды сотқа жолдады. Жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 155 дерегі, автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдаланудың – 73 дерегі, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеудің – 71, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуының 53 дерегі анықталды.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.