Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері “Мектепке жол” қайырымдылық акциясын өткізді

Қызылорда қалалық полиция басқармасының полицейлері “Мектепке жол” қайырымдылық акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның басты мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептерімен мектепке келмей қалуының алдын алу, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға нақты көмек көрсету.

Аталмыш акция барысында Қызылорда қаласы полиция басқармасы қызметкерлері 39 жанұяға, яғни балаларға оқуға қажетті құрал-саймандар салынған сөмкелерді табыстап, оқуда озат болуды тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру