Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері пәтер ұрысын қолға түсірді

Қызылорда полицейлері пәтер ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын ұстады.

​21 қаңтар күні қала тұрғыны пәтер ұрлығының орын алғандығы жөнінде 102 арнасына хабарлаған. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, белгісіз біреу үйдің терезесін күштеп ашып кіріп, Lenovо үлгісіндегі ноутбугін және алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.

Криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдерінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде «ізін суытпай» күдікті құрықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3 тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру