Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері тергеуден бой тасалап жүрген күдіктіні ұстады

Қызылорда полицейлері тергеуден бой тасалап жүрген күдіктіні Алматы қаласында ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында есірткі қылмысын жасады деген күдікке ілініп, 2020 жылдан бері іздеуде жүрген қала тұрғынын қолға түсірді.

Жедел уәкілдер 42 жастағы күдіктіні Алматы қаласында жалдамалы пәтерде ұстады. Осы жылдың 15 қыркүйегінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру