Қызылорда полицейлері ұрланған велосипедті иесіне қайтарды
Қызылорда полицейлері ұрланған велосипедті иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері құны 55 мың теңге тұратын Dushima маркалы велосипедін жасырын ұрлап кеткен 32 жастағы ер адамды ұстады.
Иесінің айтуынша, 13 шілде күні сағат 15:00 шамасында белгісіз адам қоршалған үйдің ауласында тұрған велосипедті ұрлап кеткен.
Ұрлық дерегі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, заңсыз кiрумен жасалған ұрлық – мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.