Қызылорда тұрғындары "Заң мен тәртіп" цифрлық сервисін тиімді пайдалануда
Қызылорда тұрғындары "Заң мен тәртіп" цифрлық сервисін тиімді пайдалануда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда "Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде Kaspi.kz, Halyk Bank және "eGov Mobile" қосымшаларымен қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламаларды полицияға жолдау мүмкіндігі бар.
Келіп түскен өтініштер мен шағымдар полиция қызметкерлерімен дер кезінде ақпаратты есепке алу кітабына енгізіліп, түпкілікті шешім қабылдау үшін тиісті қызмет саласына жолданады.
"eGov Mobile" және Kaspi.kz, Halyk Bank қосымшаларындағы "мемлекеттік қызметтер" бөлігінде "Заң мен тәртіп" тармағында құқық бұзушылықтың түрлерін таңдау арқылы оның фотосуретін, бейнежазбасын немесе мәтіндік үлгісін жолдауға болады.
Жыл басынан бері Қызылорда облысының полиция департаментіне 206 хабарлама түсіп, оның біреуі бойынша қылмыстық іс тіркелсе, 43-не тиісті шаралар қолданылған. 15-сі басқа қызмет салаларына жолданған.
Мысал ретінде "eGov Mobile" қосымшасы арқылы Қызылорда қаласының орталық алаңында жол белгі талаптарын өрескел бұзып, тыйым салынған жерге көлігін қойған Range Rover автокөлігінің жүргізушісі туралы бейнежазба түріндегі хабарлама түскен.
Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен жедел түрде бағыт-бағдар беріліп, құқық бұзған жүргізушіге көлік құралдарының тоқтап тұру қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Айта кетерлігі бұл цифрлық сервис полицияның жұмысын тиімді, ашық әрі жедел етуге бағытталған нақты қадам.
 
						
 
											