Қызылорда тұрғыны сотталған танысына тұшпара ішіне есірткі салып өткізбек болды
Қызылорда тұрғыны сотталған танысына тұшпара ішіне есірткі салып өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлем-сауқаттан тұшпара ішінен есірткі шықты.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігімен және 14-бабы 1-бөлігімен 7 жыл мерзімге қатаң режимге сотталған Е. есімді сотталғанға қысқа мерзімді кездесуге азаматтың өзімен бірге алып келген салем-сауқатын мекеме қызметкерлері тексеру барысында тұшпара ішінен 18 дана өзіне тән хош иісі бар шөп тектес және 27 ақ түсті дәріге ұқсас затты анықтады.
Жедел түрде “102” нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, нәтижесінде салмағы 25,01 грамм кептірілген марихуана болып шықты.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.