Қызылорда тұрғыны ұрланған қойын тауып берген полицейлерге алғыс айтты
Қызылорда тұрғыны ұрланған қойын тауып берген полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 наурызда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөліміне орын алған мал ұрлығы жөнінде Жалағаш кентінің тұрғыны арызданды.
Тұрғынның айтуынша, наурыз айының 11-нен 12-не қараған түні белгісіз біреу мал қорасынан бір бас қойын ұрлап кетіп, 50 мың теңгеге шығын келтірген. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, мал ұрлығына күдікті Жалағаш кентінің тұрғыны анықталып, ол кінәсін толығымен мойындады.
Заттай дәлелдеме ретінде алынған бір бас қой иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Зейнеткер «ізін суытпай» мал ұрлығы қылмысын ашқан Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ақ батасын берді.