Қызылорда тұрғыны ұрлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді
Қызылорда тұрғыны ұрлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны арызданған болатын. Үй ауласында сарай есігін бұзып кіріп, белгісіз біреулер тұрмыстық заттарын ұрлап кеткен.
Келтірілген материалдық шығын есептеліп жатыр.
Тасбөгет полиция бөлімінің полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті ретінде 43 жастағы қала тұрғынын құрықтады. Айғақ заттар тәркіленіп, үй иесіне қайтарылды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.