Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғынынан 6 млн теңгелік марихуана тәркіленді

Қызылорда тұрғынынан алты миллион теңге тұратын марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Қызылорда қалалық ПБ-ның Ақсай полиция бөліміне жергілікті тұрғын өз үйінде есірткі заттарын сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің тұрғылықты мекен-жайына тінту, тергеу әрекетін жүргізу барысында пәтеріндегі лоджиясында ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес 103 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттар сараптама қорытындысымен 10 кг-нан астам кептірілген марихуана екені анықталды.

Сонымен қатар арнайы іс-шара аясында жоғарыда аталған күдіктінің бұл затты жеке пайдалану үшін сақтаумен айналысқаны белгілі болды. Белгілі болғандай, күдікті бұрын ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотталып, 2018 жылы бостандыққа шыққан.Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Айта кетейік, аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қызылорда қаласы бойынша жыл басынан барлығы 42 есірткі қылмысы анықталды. Бұл бағытта ішкі істер органдары мен қаланың мүдделі қызметтері, басқада құқық қорғау органдары арнайы органдарымен бірлесіп, қажетті жұмыстарды атқарып келеді. Есірткінің заңсыз алқаптарын анықтау және жою бағытында профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өз жалғасын табуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру